Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқан эпидемия немесе Ньютонның карантиндегі өмірі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқан эпидемия немесе Ньютонның карантиндегі өмірі

13.04.2020
Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқан эпидемия немесе Ньютонның карантиндегі өмірі

Бұрынғы дәуірде адамдар қауіпті індеттердің шығуы мен емдеу жолдарын білмесе де, қоғамдық карантин немесе оқшаулану керектігін жақсы түсінген.  

Әлемде коронавирус індетінің кең таралып, халықтың карантин режимінде үйде отыруына байланысты ғалымдар 1830 жылы Мәскеуде холера ауруынан болған оқшаулану режимін еске түсіруде. Дәл сол уақыт Александр Пушкиннің шығармашылығындағы ең табысты жылдар болды. 3 айға созылған карантинде Пушкин «Евгений Онегин», «Белкин повестері», «Шағын трагедялар» секілді туындыларын аяқтады. 

Ал ғылымның, адамзаттың дамуына сүбелі үлес қосқан ғалымдардың бірі Исаак Ньютон да ең алғашқы әрі маңызды еңбектерін карантин уақытында жазған. 1665 жылы Англиядағы оба дертінің өршіп кетуіне байланысты 20 жастан енді асқан Ньютон Кембридж университетіндегі курсын аяқтап, Лондонға қайтуға мәжбүр болады. Дәл осы карантин кезеңін зерттеушілер Ньютонның ғылыми өміріндегі «ғажайып уақыты» деп атайды. Себебі осы кезеңде ғалым бүкіләлемдік тартылыс заңының сырын ашты. 

Бұдан бөлек, жас ғалым интегралды және диффренциалды есептеу, түстер теориясы (ақ түс – спектор түстерінің қосындысы) секілді маңызды ғылыми зерттеулер жүргізіп, математика мен физиканың сырларына үңілді.  

1667 жылдың көктемінде індеттің жойылып, университет жұмысының қайта қалыпқа келуіне байланысты Ньютон оқуын қайта жалғастырады. Небәрі 2 жылдан соң профессор атағын иеленеді. 


Дереккөз: Forbes


Хабарламаларға жазылу