Қазақстанға Польшадан гуманитарлық көмек келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанға Польшадан гуманитарлық көмек келді

13.04.2020
Қазақстанға Польшадан гуманитарлық көмек келді

Бүгін Польшадан чартерлік рейспен елімізге «Wipasz» поляк компаниясы өндіретін көп мәрте қолданылатын медициналық маскаларын (100 мың дана), сондай-ақ князь Любомирский Қорының қазақстандық оқушыларды қашықтан оқыту үшін сыйға берген компьютерлерін (ноутбуктерін) қамтыған гуманитарлық жүктің кезекті партиясы келді.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл 17 наурыз-12 сәуір аралығында Қазақстанға АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия және БАӘ-нен гуманитарлық көмек келіп түскен.

Хабарламаларға жазылу