Жабайы аң-құстардың етін жеуге тыйым салынбақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жабайы аң-құстардың етін жеуге тыйым салынбақ

12.04.2020

Ғалымдар бұл вирустың да жабайы аңдардан тарағанын айтады. Жарқанат, әрі қарай тағы бір аң, ол белгісіз, одан әрі адамға. Адам өзінің эволюциялық даму жолында қорек қылатын аң-құсты, сонымен бірге қолға үйреткен жануарлары мен құстарды шаруашылық көзі етіп, тұтынатынын таңдап қойды. Бірақ жабайы аң етін жаппай жейтін елдер бар. Ал әл бермей тарайтын вирустардың солардан тарайтыны дәлелденіп жатыр. Демек емдейтін вакцина қолда жоқ ауру туғызатын вирустар болашақта да шығуы мүмкін.

Қазір осы тақырып – жабайы аң етін жеуге тыйым салу әлемдік сараптаманың бір бөлігі. Иә, бір сәтте тыйым сала алмайды. Оның үстіне сонымен күн көретіндер бар...

Саламат ОМАШ


Хабарламаларға жазылу