Қазақстан мұнай өндіру көлемін азайтуға дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мұнай өндіру көлемін азайтуға дайын

10.04.2020

Ал өз кезегінде Қазақстан мұнай өндіру көлемін азайтуға дайын. Бұл туралы Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді. Алайда нақты қанша пайызға төмендетуге әзір екені айтылмады. Мәселен, Әзірбайжан қара алтын өндірісін 23 пайызға төмендетіп, күніне 164 мың баррельге қысқартуды жоспарлаған. Ал Қазақстан бүгінде тәулігіне шамамен 1,8 - 1,9 млн баррел мұнай өндіріп отыр. Егер дәл сол көлемде қысқартатын болса, онда ол тәулігіне 270-280 мың баррель шамасында болуы ықтимал.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу