Президенттің карантин мерзімін ұзарту туралы шешімін халық та қолдап отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттің карантин мерзімін ұзарту туралы шешімін халық та қолдап отыр

10.04.2020

Мемлекет басшысының карантин уақытын ұзарту туралы шешімін халық та қолдап жатыр. Мұндай оң пікірлерді әлеуметтік желіде жазып жатқандар да жетерлік. Өңірлерде ауру жұқтыру көрсеткіші әлі де көп болып тұр. Сондықтан кеселдің беті қайтқанша шектеудің болғаны дұрыс дейді олар.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповскихтің айтуынша, бұл шешім біздің мемлекетіміздің, халқымыздың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін қабылданып жатыр.

Саясаткер Ерлан Саиров короновирустың Қазақстандағы таралу қарқыны әлі шырқау шегіне жетпегенін Президент баса айтып отырғандықтан, бұл шара халықтың мүддесі үшін қабылданған дұрыс және оңды шешім деп баға беретінін айтты.

Ал ҚР Мәдениет саласының үздігі, жыршы-термеші Қоныс Жүсіптің сөзінше, халық толық жазылып болмай, карантиннің созылғаны дұрыс.

ҚР Бас инфекционисі Динагүл Баешева бұл өте дұрыс шара екенін және барынша сақтану керектігін айтты.

Оңғар АЛПЫСБАЙ


Хабарламаларға жазылу