Тимур Сүлейменов Астана экономикалық  форумы алдында отандық  экономист-сарапшылармен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тимур Сүлейменов Астана экономикалық  форумы алдында отандық  экономист-сарапшылармен кездесті

14.05.2018

Астана экономикалық форумы аясында тәжірибе алмасу мен нақты тақырыптарға қатысты белді сарапшылардың идеяларын тыңдау үшін Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов отандық  экономист-сарапшылармен кездесті. Олар халықаралық шараның панельдік сессиясы мен тақырыптық жиындарын талқылады. 

Форум аясындағы тақырыптардың бірі Еуразиядағы ірі нарықтардың мүмкіндіктері мен қиындықтарына арналмақ. Бұл ретте Қытайға қатысты арнайы сессия жоспарланған. Қазақстандық сарапшылар бұл шарадан маңызды тәжірибе алмасулар мен салмақты пікірлер күтеді.

Сондай-ақ, гендерлік тепе-теңдік пен урбанизация мәселесіне қатысты тақырыптар да жеке-жеке қаралмақ. Отандық сарапшылар форумда айтылған ойлар мен бастамаларды Қазақстан жағдайына қолдану маңызды екенін ерекше атап өтті.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу