«Қазақстан» телерадиокорпорациясының медиа-ресурстарында 21 шағын бизнес субъектісінің жарнамасы орналастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының медиа-ресурстарында 21 шағын бизнес субъектісінің жарнамасы орналастырылды

10.04.2020
«Қазақстан» телерадиокорпорациясының медиа-ресурстарында 21 шағын бизнес субъектісінің жарнамасы орналастырылды

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының шағын бизнесті қолдау шарасының бір апталық қорытындысын ұсынамыз. 

1 сәуірден бастап Корпорацияның аймақтық телеарналары мен интернет-ресурстарында 21 шағын бизнес субъектісінің жарнамасы орналастырылды. 

Ауыл шаруашылығы өндірісі, IP-телефония, тағам жеткізу және онлайн оқыту бойынша қызмет көрсететін 7 компания qazaqstan.tv, balapan.tv сайты мен Instagram желісіндегі парақшада баннер орналастыруға өтініш жасады. 

Аймақтық арналар эфирінен қазақ және орыс тілдерінде фармацевтика, химиялық тазалау, көлік майын жеткізу, тағам, азық-түлік тапсырысы, кітап дүкені, онлайн оқыту, жиһаз өндірісі салаларындағы 13 компанияның қызметі туралы жарнамалық ролик көрсетілді. 

Осы мерзім ішінде тегін жарнама орналастыруға өтініш берген тағы бірнеше компанияның қызметі қарастырылуда. 

Төтенше жағдай мерзімінде зардап шеккен еліміздің шағын бизнес өкілдерін қолдау 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін жалғасады. Оның аясында Корпорация аймақтық арналары мен интернет-ресурстарында ақысыз негізде ролик, баннер және pre-roll-жарнама орналастыру мүмкіндігін ұсынады.

Толық ақпарат: +7 702 195 1717.

Хабарламаларға жазылу