Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 1 жарым миллионға жақындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 1 жарым миллионға жақындады

09.04.2020

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 1 жарым миллионға жақындап қалды. Әсіресе, АҚШ-тағы жағдай күрделі. Мұнда жаңа вирустан бір күнде алғаш 2 мыңға жуық адам қайтыс болды. Дегенмен, Еуропа елдері ай соңына дейін карантин режимін жеңілдетуден үмітті. Себебі, бұл континентте Covid-19 дертіне шалдыққандар азая бастаған.

Ресей ағарту министрлігі аймақтарға қажет болған жағдайда 1-ден 8-ші сыныпқа дейін оқу жылын мерзімінен бұрын аяқтауға рұқсат берді. Мемлекеттік дума болса, коронавирус пандемиясысына байланысты биыл бірегей мемлекеттік емтиханды доғаруды ұсынып отыр.

Ал «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонның жағдайы жақсарып келеді.

Жалпы алғанда, бүгінге дейін планетада Covid-19 дертіне бір жарым миллионға жуық адам шалдығып, 90 мыңдайы қайтыс болды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы болса, өзінің Қытаймен ғана емес, бүкіл әлеммен де бірге екенін мәлімдеп, пандемияны саяси дауға айналдырмауға шақырып отыр.

Соңғы мәліметке қарағанда, коронавирус жұқтырғандар саны жағынан АҚШ, Испания, Италия, Германия, Франция әлем бойынша бірінші бестікте тұр.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу