Ақтөбеде блок бекеттен 5 мың теңге беріп өтуге бола ма? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде блок бекеттен 5 мың теңге беріп өтуге бола ма?

09.04.2020

Карантин режимін бұзған 30 жастағы ақтөбелік жазаға тартылады. Ол үйіне әріптестерін жинап, шулы кеш ұйымдастырған. Ал Ақшат ауылының тұрғыны «ауылдықтар блок бекеттегілерге 5 мың теңге төлеп, Ақтөбе қаласына кіріп жатыр» деп арызданды. Бұл жағдай тексерілуде. Одан бөлек тұрғындар блок бекетін ауылдың сыртына қарай көшіруді сұрап отыр. Себебі, іргедегі облыс орталығына қатынау қиындап кеткенін айтады. Айтуларынша, дүкендерде азық-түлік таусылған. Ауылға арнайы келген билік өкілдері мәселемен танысып, қалаға тек шұғыл жағдайда ғана бару қажеттігін түсіндірді. Елді мекен тіршілігін қамтамасыз ететін 14 тұрғынға рұқсат қағазын таратты. Ал ақша беріп, блок бекеттен оңай өтуге болады деген тұрғынның арызы тексеріледі.

Ал Тараз қаласы маңындағы блок бекеттердің жұмысы атты патрульдермен күшейтілді. Бұл мақсатқа келісім шарт бойынша қызмет ететін 30 сарбаз бен жауынгерлік аттар жіберілді. Таулы-егерлік ротаның қызметшілері өз шеберліктерін халықаралық деңгейде де талай дәлелдеді. Олар көлік жүре алмайтын аумақтарда жұмыс істеуге дағдыланған. Сондықтан блок бекеттердегі тәртіпті қадағалауға көмегі аса қажет.

Жақсыбек КЕМАЛ


Хабарламаларға жазылу