Қостанайда қатты бораннан 87 ғимараттың шатыры зақымданған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда қатты бораннан 87 ғимараттың шатыры зақымданған

09.04.2020

Қостанай облысында сейсенбіде соққан боран 87 әлеуметтік нысанның шатырын зақымдаған. Бұл туралы аймақ басшысы өзінің инстаграм парақшасында жариялады. «Қазір бес нысанның шатыры қалпына келтірілді. Қалғанын қысқа мерзімде жөндейміз» делінген хабарламада. Сондай-ақ күшті жел электр сымдарын жүздеген жерден үзіп, жоғары кернеулі қуат өтетін 42 бағанды құлатқан. Энергетиктер апаттың салдарын жою үшін барлық күш жұмылдырылғанын айтады. Алайда екі тәуліктен бері әлі жарықсыз отырған елді мекендер бар. Бірақ тілшілер қанша сауал жолдағанымен олардың нақты санын ешкім ашып айтпады.

Дәуренбек ӘБДІБЕК


Хабарламаларға жазылу