Қостанай облысында 60 тұрғын үйді еріген қар суы басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында 60 тұрғын үйді еріген қар суы басты

09.04.2020
Қостанай облысында 60 тұрғын үйді еріген қар суы басты

Қостанай облысында 60 тұрғын үйді еріген қар суы басты. Сондай-ақ Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарындағы 115 аула су астында қалды. Бұл туралы Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.

«Қостанай облысында 47 адам, соның ішінде 13 бала эвакуацияланды. Олардың барлығы туыстарына орналастырылды. Ауыл шаруашылығы жануарларын сақтап қалу үшін 608 бас ірі және ұсақ мал, 450 шошқа және 15 жылқы қауіпсіз жерге ауыстырылды», - деді ол.

Қардың қарқынды еруінен және мол жауын-шашынның түсуінен Жабай өзенінде су деңгейі 3 метрге дейін күрт көтерілген.

«Ақмола облысы Сандықтау ауданының Балқашино ауылында 2 аула маңы аумағын су басты. Ақмола облысы Сандықтау аданының Балқашино ауылындағы тұрғын үйлерді су басу қаупін жою үшін 32 адам, 8 бірлік техника мен 2 жүзу құралы жұмылдырылды. Шығыс Қазақстан облысында аула аумағындағы су сору, арықтарды тазалау жұмыстары жүргізілуде», - деді вице-министр. 

«Қазгидромет» алдағы күндері еліміздің солтүстігі мен орталығында ауа температурасы төмендеп, жауын-шашын жалғасады деп болжады. Вице-министрдің айтуынша, су тасқыны күрделенген жағдайда халықты эвакуациялау үшін 1707 қабылдау пункті, қажетті құралдар (шатыр, кереует) мен тамақ өнімдері, мен ауызсу қоры дайындалды.


Хабарламаларға жазылу