Ресейде 1-8 сынып оқушылары үшін оқу жылы аяқталуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде 1-8 сынып оқушылары үшін оқу жылы аяқталуы мүмкін

09.04.2020
Ресейде 1-8 сынып оқушылары үшін оқу жылы аяқталуы мүмкін

РФ Білім министрлігі өңірлік билік басқармаларына аймақтағы коронавирусқа қатысты ахуал күрделенген жағдайда 1-8 сынып оқушыларына оқу маусымының күнтізбесін өзгертуді ұсынды. 

«Қазіргі жағдайға байланысты әрбір аймақ оқу маусымының күнтізбесін өзгертуге немесе 1-8 сынып оқушыларына үш тоқсанның нәтижесі бойынша оқу жылын аяқтауға мүмкіндіктері бар» - делінген министрліктің хабарламасында. 

Сонымен қатар, қажет болған жағдайда өңірлік билік басқармалары 1-8 сынып оқушыларына арналған төртінші тоқсанның бағдарламарын келесі оқу жылына ауыстыруына да болады. 

Дәл қазіргі таңда Ресейде COVID-19 індетін сегіз мыңнан аса адам жұқтырып, 63 науқас көз жұмған. 580 адам індеттен айығып шықты. 

Дереккөз: Interfax

Хабарламаларға жазылу