Әлем бойынша жұмыс күшінің 81 пайызы карантинде отыр
COVID-19 пандемиясы әлем экономикасы мен жұмыс күшіне жойқын соққы беруде. Дүниежүзілік еңбек ұйымының болжамы бойынша коронавирустың әсері 2008 жылғы қаржы дағдарысынан да қатты болуы мүмкін.
«2008-2009 жылдары бүкіләлемдік қаржы дағдарысының салдарынан біз 22 миллионға жуық жұмыс орнын жоғалттық. Болжам бойынша алдағы үш айдың өзінде әлемде 195 миллион адам жұмысынан айырылуы мүмкін», - дейді Дүниежүзілік еңбек ұйымының бас директоры Гай Райдер.
Дәл қазіргі сәтте әлем елдерінде енгізілген төтенше жағдай мен карантин салдарынан 2 миллиард 700 миллионға жуық адам жұмысқа шықпай отыр. Бұл барлық жұмыс күшінің 81 пайызын құрайды.
Дереккөз: euronews
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Теннисші Заңғар Нұрланұлы тарихи нәтиже тіркеді
19.01.2026, 10:17
Еуропа лидерлері тарифке қатысты пікір білдірді
19.01.2026, 10:14
Сирия үкіметі елді толық бақылауға алды
19.01.2026, 10:14
Жамбыл облысында бес ауылды орталықпен жалғап тұрған көпір апатты жағдайда
19.01.2026, 10:12
Ақмола облысында су бақылау гидротехникалық нысаны салынады
19.01.2026, 10:12
Елімізде «Жасанды интеллект туралы» заң күшіне енді
19.01.2026, 10:11
V ұлттық құрылтай: Секциялық жұмыстар басталды
19.01.2026, 10:10
Ертең Ұлттық құрылтайдың V отырысы Қызылордада өтеді
19.01.2026, 10:09