Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар қандай дәрімен емделеді?

08.04.2020
Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар қандай дәрімен емделеді?

Коронавирус жұқтырғандарды емдеуге арналған дәрі-дәрмектердің де тізімі жасалды. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Лязат Ақтаева мәлімдеді.

Науқастарға Лопинавир/Ритонавир, Гидроксихлорохин, Азитромицин, Рибавирин препараттары қолданылады.

«Медицина қызметкерлері COVID-19 жұқтырудың алдын алу үшін Гидроксихлорохин қолданады. Ол препарат Қазақстанда бар», - деп жазды ол Facebook-те.

Коронавирусты емдеудің жаңа клиникалық хаттамасын Денсаулық сақтау министрлігінің сайтынан көруге болады.


Хабарламаларға жазылу