Ұлыбритания премьер-министрі ауыр хәлде жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбритания премьер-министрі ауыр хәлде жатыр

07.04.2020

Британия премьер-министрі жан сақтау бөліміне түсті. Оның жағдайы коронавиурус жұқтырғаннан кейін күрт нашарлап отыр. Ал Қытайда жыл басынан бері Covid-19 инфекциясынан қайтыс болғандар алғаш рет тіркелген жоқ. Жапония болса, мамырға дейін төтенше жағдай жариялап, экономиканы ынталандыруға жүздеген миллиард доллар бөлді.

Тағы бір айта кететін жайт, әлемде енді ғана іске қосылып жатқан 5G интернет желісі қауіпті індеттің тарауына себепші деген астыртын теория айтыла бастағанды. Мұнда вандалдар 5G интернетіне арналған 20 мұнараны зақымдаған. Себебі, олардың ойынша, мұндай нысандар коронавирус таратуға қолданылып жатыр. Дегенмен, британ үкіметінің өкілі Майкл Гов 5G вирус жеткізеді деген конспирациялық теорияны «қауіпті сандырақ» деп атап, оған ешқандай ғылыми негіз жоқ екенін мәлімдеді. 

Материктік Қытайда қаңтардан бері алғаш рет Covid-19-дан қайтыс болғандар тіркелген жоқ. Дегенмен, 32 адамнан коронавирус табылған. Ал, осы аймақ астанасы Ухань ертең карантиннен босатылады. Ал Үндістан полициясы көшеге коронавирус костюмімен шығып, қызмет етіп жатыр. Халқының саны миллиардтан асқан Үндістанда қауіпті инфекцияны әзірге 4300-дей адам жұқтырып, 118-і қайтыс болған.  

Ресей дәрігерлері алғаш рет бір тәулікте мыңнан астам адамнан коронавирус тапты. Осылайша, бұнда вакцинасы жоқ инфекция жұқтырғандардың жалпы саны 7500-ге жақындап, құрбандар 58-ге жетіп отыр. Ал, АҚШ-та құрбандар саны 11 мыңға жуықтаса да, пандемияның эпицентріне айналған Нью-Йорк, Нью-Джерси, Луизиана штаттарында коронавирус өршуін тоқтатқан.  Еуропаға келетін болсақ, 24 сағатта Германияда, Испанияда, Францияда Covid-19 құрбандарының саны қайта көбейді. 

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу