Мұнайдың бағасы түсе бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнайдың бағасы түсе бастады

06.04.2020

Әлем нарығында мұнай бағасы қайта түсе бастады. Бүгін Brent маркалы шикізаттың құны 2,4 пайызға төмендеп, 33 доллар 30 центке сатылды. Ал, америкалық сұрып – WTI 2,3 пайызға арзандап, 27 доллар 69 центке саудаланған.

Көмірсутегі нарқының түсуіне Сауд Арабиясы мен Ресейдің өндірісті қысқарту туралы кездесуді кейінге қалдыруы себепші.

«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, ОПЕК пен оның одақтастары бағаны көтеру мәселесін бейсенбіде кездесіп, талқылайды.

Айта кету керек, коронавирус пандемиясына байланысты жер шарында миллиардтаған адам оқшауланып, өндіріс орындары тоқтап, мұнайға тәуліктік сұраныс ондаған миллион баррельге азайып отыр.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу