Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,5 пайызға азайтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,5 пайызға азайтты

06.04.2020

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені қайта өзгертті. Осыдан екі апта бұрын 12 пайызға көтірілген мөлшерлеме енді 9,5 пайызға түсіп отыр. Қаржы нарығын реттеуші бұл шұғыл шешімін мемлекет басшысының дағдарысқа қарсы шараларын орындау аясында, яғни бизнес иелерін қолдау үшін жасалғанын мәлімдеді. Енді несие пайызы едәуір төмендейді. Алайда, 1 мамырдан бастап ұзақ мерзімді депозиттік салымдардың үстеме пайызы да азаяды. Экономисттер де ұлттық банктің базалық мөлшерлеме пайызын төмендетуін құптап отыр.

Ләйлә ДУЛАТ


Хабарламаларға жазылу