Оқушыларға онлайн сабақ болмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оқушыларға онлайн сабақ болмайды

05.04.2020

Жаңа айттық, онлайн оқыту қолдан келмеді. Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов мәселені ушықтырмай, оқыту қашықтықтан болатынын айтты. Өткен аптада скептикалық тұрғыдан жасалған материалымыз скептикалық түрде расталды. Біріншіден, интернет байланысы керемет емес, әрі жүктеме артқанда көтере алмай қалды. Екіншіден, барлық балада компьютер, смартфон жоқ. Басқа механизмдері қаралатынын айтады. Мұның оқу процесінің сапасына әсер ететіні анық... Жә, осы жағдай – қауіпті вирус таралуына орай орнатылған карантин – бұрын да айтып жүрген, дегенмен бірінші рет бетпе-бет келген көзбояушылықтарды бар бояуымен жайып салды. Мысалы, онлайн оқыта алмайтынымыз – цифрландыру бағдарламасының сыйқын. Мына фотолар дәл айшықтайды.

Аргумент ретінде бағдарламалардың өздері керемет күшті емес, мысалы Zoom сияқты бағдарламалардың нөпір адам қатысатын конференцияларды көтере алмайтыны, АҚШ-та да солай болғаны айтылып жатыр...

Данияр ҚАЙЫРТАЙ


Хабарламаларға жазылу