«Томирис» фильмі Qazaqstan телеарнасынан көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Томирис» фильмі Qazaqstan телеарнасынан көрсетіледі

03.04.2020

Көрермендер үшін қуанышты жаңалық. #Bizbirgemiz науқаны аясында «Томирис», «Жау жүрек мың бала» және «Дорога к матери» фильмдері отандық телеарналардан көрсетіледі. Бүгінге дейін кең таралымда болмаған туындыларды, «Қазақфильм» мен «Сатайфильм» кинокомпаниялары қазақстандық телеарналардың қолдауымен көрерменге ұсынады. Сәуірдің 5-і күні «Томирис» тарихи туындысы Қазақстан ұлттық телеарнасынан, ал 10 сәуір күні «Еларна» және «Хабар» арналарынан көрсетіледі. Режиссер Ақан Сатаевтың сөзінше, отандық фильмдердің дәл қазіргідей қиын кезде жаппай көрсетілуі тегін емес. Аталған үш кинокартина да, қиындыққа тап болып, оны еңсере білген ата-бабамыздың өмірін бейнелейді. Ендеше, отандық туындыларды көруге асығыңыз!

Аримангүл ТОҚТАМҰРАТ


Хабарламаларға жазылу