Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 3500-ден асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 3500-ден асты

03.04.2020

Ресейде демалыс аптасы 30 сәуірге дейін созылды. Ал 6 сәуірден бастап, жоғары оқу орындары қашықтықтан оқып, сабақты жалғастырады. Көрші елдегі студенттеріміздің 80 пайызы елге қайтқан жоқ. Олар қазір жатақханаларда.

Айта кетейік, оқу жылы аяқталғанша барлық студенттердің жатақханалардағы орындары сақталады. Елшіліктің жанынан құрылған жедел штаб дәрі-дәрмекке, және өзге де сұрақтарға қатысты мәселелерді шешу үшін студенттермен кездесті. Жалпы Ресейде жағдай ушығып барады. Бір күннің өзінде 600 адамнан коронавирус анықталған. Қазір вирус жұқтырғандардың саны төрт мыңнан асты. Олардың ішінде қазақстандықтар жоқ.

Индира БЕГАЙДАР


Хабарламаларға жазылу