Дағдарысқа қарсы шараларға 5,9 триллион теңге қаржы бөлінбек

02.04.2020

Жалпы дағдарысқа қарсы шараларға 5.9 триллион теңге бөлінбек. Бұл туралы Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов мәлімдеді. Үкімет резервінен бөлінетін қаржы үш бағытты қамтиды. Бірінші, төтенше жағдайдағы экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін 1,2 триллион теңге бөлінеді. Мұның ішінде «Жұмыспен қамту жол картасы», «Еңбек» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламалары бар. Екінші бағыт - әлеуметтік төлемдерді индексациялуға 315,6 миллиард теңге қарастырылған. Үшінші бағыт, Президенттің тапсырмаларын іске асыру мен азаматтарды қолдау мақсатында 292,3 миллиард теңге бөлінеді. Одан бөлек, коронавирустың таралуын тоқтату мақсатында және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сатып алу мақсатында 39,1 миллиард теңге жұмсалады. Оның 23 миллиард теңгеден астамы коронавирусқа қарсы күреске жұмсалмақ.

Махамбет БЕЙБІТШІЛІК


Хабарламаларға жазылу