Елімізде онлайн сақтандыру тетігі енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде онлайн сақтандыру тетігі енгізіледі

28.02.2018

Туристік жолдама бойынша шетелде жүрген азаматтарымызды толық сақтандыру қажет. Бүгін Мәжілісте осындай оң өзгерісті көздеген заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Өйткені, қолданыстағы заң туристің емес, туроператор мен турагенттің сойылын соғып отыр. Енді туристік фирмалар шетелге шығатын туристі міндетті сақтандыруды жүзеге асыру көзделеді. Сондай-ақ, осы жүйеде онлайн-сақтандыру тетігі енгізілмек. Бұл арқылы сақтандыру құны төмендейді. Ал, сақтандыру агенттерінің қызметі ашық жүргізіледі. Ал, жүргізушілері болса, сақтандыру полюсін жол-патрульдік қызметкерлеріне көрсетуге міндеттелмеуі мүмкін. Кепілдік берілетін сақтандыру түрлері ануитеттік төлемдермен толықтырылып отыр. 2012 жылдан 2015 жылға дейін біз осы норманы пайдаландық. Нәтиже қандай болды?

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:

- Біз бұл мәселелерді талқылай келе транзиттік механизм керектігін түсіндік. Ол не үшін қажет? Егер компания банкрот болған жағдайда аннуитет алатын адамға қандай да бір мәселе туындамауы үшін. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беретін қордың 4 жыл бұрын мұндай мүмкіндігі болмады. Алайда, қазір бұл қордың төлемдерді сақтандыруға қауқары жететінін көріп отырмыз.

Еліміздегі банктерге несие беру және қызмет көрсетумен байланысты шот бойынша комиссияларды алуға тыйым салу ұсынылды. Бұл туралы меншік құқығын қорғауды күшейту және төрелік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын таныстыру кезінде айтылды. Бұл құжат Елбасының меншік құқығын қорғау туралы тапсырмасын орындау мақсатында әзірленген.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу