Павлодар облысында ереже бұзған 100-ден аса дерек тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында ереже бұзған 100-ден аса дерек тіркелді

31.03.2020

Бақылау қанша жерден күшейтілсе де оған бағынбай жатқандар бар. Әлемді шарпыған індетінің алдын-алу азаматтардың жоғары жауапкершілігін, темірдей тәртіпке бағынуын талап етеді. Мемлекет тұрғындардың қауіпсіздігі үшін кешенді шараларды қолға алды. Бірақ жұрт әлі де жайбарақат. Мәселен, бір ғана Павлодар облысында төтенше жағдай режимі бұзылған 100-ден аса дерек тіркелді. 22 адам қамалып, 50-ден аса азаматқа айыппұл салынды. 

Бұл қоғамда індеттің қаншалықты қауіпті екендігіне қатысты әлі де толыққанды түсінік жоқтығының белгісі. Мәселен, маскамен тұмшаланған мына көлікке қараныз. Қаншама адамға ой салады.

Болат АМАНБАЕВ


Хабарламаларға жазылу