Төтенше жағдай талаптарының орындалуы әуеден дрон арқылы бақыланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төтенше жағдай талаптарының орындалуы әуеден дрон арқылы бақыланады

31.03.2020

Тәртіп «Сергек» камерасымен ғана емес, дронмен де бақыланады. Дронды төбеде қалықтату арқылы төтенше жағдай талаптарын орындалуын жіті назар ұстауға болатынын айтады қарулы күштер саласының өкілі.  

Ұшқышсыз ұшу аппараты азаматтардың шеп бекеттерін айналып өтуіне жол бермейді. Сондай-ақ автокөліктердің карантиндік аймақтар мен одан тыс жерлердегі қозғалысын бақылап отырады. Бұл полицейлердің де жұмысын жандандырады. Бүгінге дейін ережені елегісі келмеген 98 адам жауапқа тартылған. Оның сексені қамауға алынды.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу