Банк бөлімшелері 30 наурыздан 5 сәуірге дейін жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Банк бөлімшелері 30 наурыздан 5 сәуірге дейін жабылды

30.03.2020

Қауіпті індетке қарсы күрес күшейіп жатыр. Нұр-Сұлтан және Алматы қаласында карантин режиміне байланысты бірқатар мекемелердің қызметі уақытша тоқтатылды. Олардың қатарында құрылыс компаниялары мен қаржылық ұйымдар да бар. Төтенше жағдай тәртібіне сәйкес, барлық банк бөлімшелері 30 наурыздан 5 сәуірге дейін уақытша жабылды. Қазір банктердің тек колл орталықтары мен ресми сайттары, мобильді қосымшалары жұмыс істеуде. Сол сияқты ақша валютасын қолма-қол айырбастайтын уәкілетті ұйымдардың жұмысы да уақытша тоқтатылды.

Азық-түлік сақтау және сатып алу орындары, дәріханалар, медициналық мекемелер мен тұрғын үй кооперативтерінің жұмысы жалғасады. Курьерлік жеткізу қызметі де тұрғындарға кешкі сегізге дейін қызмет көрсетеді. Бұдан бөлек, құқық қорғау органдары мен бұқаралық ақпарат құралдары, ветеринарлық қызмет, пошта қызметі және жанар-жағармай бекеттері де жұмыс істейді. Тек жұмыс берушілер қызметкерлерінің үйден жұмыс орнына жетуін қамтамасыз етуі қажет. Бұл ретте аталған жұмыс орындарының қызметкерлері өздерімен бірге карантин уақытында жұмыс істеуге болатынын растайтын қызметтік құжатты алып жүруі шарт.

Назым ҚАЙРАТ


Хабарламаларға жазылу