Қызылорда облысының бұрынғы әкімі үйқамаққа алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысының бұрынғы әкімі үйқамаққа алынды

30.03.2020

Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақов үйқамаққа алынды. Оның ісіне қатысты тергеу амалдары жалғасуда. Экс әкімнің заңды өкілдері қалалық мамандандырылған тергеу сотына үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануды сұрап, өтініш білдірген. Сот шешімімен өтініші қанағаттандырылып, екі айға дейін үйқамақта болу шарасы қабылданды. Айта кетейік, аймақтың бұрынғы басшысына қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі 2-ші тармағымен, яғни алаяқтық жасады деген күдікпен іс қозғалды. Оған Арыс қаласын қайта қалпына келтіру кезінде қайырымдылық қорына жиналған 80 миллион теңге көлеміндегі қаржыны, сыбайластарымен жымқырған деген айып тағылуда.

Әділбек СЕРІКҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу