Вирусты жұқтырғандардың саны 271 адамға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вирусты жұқтырғандардың саны 271 адамға жетті

29.03.2020

Бүгін Батыс Қазақстан облысында екі адамның Covid19 вирусын жұқтырғаны хабарланды. Кеше Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарынан да шыққаны жарияланған. Бүгін еліміз бойынша 39 адамнан анықталды. Сонымен бұл вирусты жұқтырғандардың саны 271-ге жетті.    

Ақмола облысында бір әйелдің көз жұмғаны мәлім.

Ертең Қарағанды, Қарағанды облысындағы Теміртау, Сарань, Абай, Шахтинск қалалары, сонымен бірге Ақтау, Атырау қалалары карантинге жабылады...

Бүгін Мемлекет Басшысы Қ.Тоқаев Twitter- дегі парағында былай деп жазды: «Санитарлық-эпидемиологиялық саладағы күрделі кезеңде еңбек етіп жатқан дәрігерлерді қаржылай қолдаудың жаңа пакеті қажет. Олар соған лайықты. Үкімет есептеулерді жүргізуде. Қабылданған шешім дүйсенбіде жарияланады».


Хабарламаларға жазылу