Коронавирустың белгілерін нақтылайтын онлайн анкета іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирустың белгілерін нақтылайтын онлайн анкета іске қосылды

27.03.2020

Коронавирустың белгілерін нақтылайтын онлайн анкета іске қосылды. Кез келген адам өз денсаулығынан күдіктенетін болса анонимді сауалнамадан өте алады. 3-4 сұраққа жауап беріп, ары қарай не істеу керектігі жайлы маманнан кеңес алады. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев мәлімдеді. Шетелден келген азаматтарды тіркеу жұмыстары да электронды нұсқаға ауыстырылды. Ол жерде азаматтың қай елдерде болғаны, кімдермен жақын байланыста болғаны және денсаулығы туралы ақпарат болады. 

Хабарламаларға жазылу