«Елде бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

26.03.2020

 «Елде бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасын бүгін Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда мақұлданды. Басты қағида митинг ұйымдастырушылары мемлекеттен рұқсат алмай, ескертумен шектеледі. Үкімет ұсынған құжатқа депутаттар тарапынан елеулі өзгерістер де енгізілді. Алғашқысы өткізу орындарына қатысты. Жергілікті әкімдіктер арнайы белгіленген орындардың қайсысы қай уақытта бос екендігін ақпараттық сайттарында көрсетіп отыруға міндеттелмек. Сонымен қатар, депутаттар бейбіт жиын өткізу туралы хабардар ету мерзіміне ерекше назар аударды. Олардың пікірінше, үкіметтік нұсқада ұсынылған 15 күндік мерзім қысқартылуы тиіс. Қолданыстағы заңда рұқсат алу мерзімі 10 күн. Құжатта БАҚ туралы заңның нормаларын қайталайтын тұстары да бар. Ол да екінші оқылымға дейін пысықталатын болды. 

Хабарламаларға жазылу