Шетелден орала алмай отырған азаматтарға арнайы ұшақ жіберілмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелден орала алмай отырған азаматтарға арнайы ұшақ жіберілмейді

25.03.2020

Коронавирусқа қарсы шектеулерге байланысты Сауда Арабиясы мен Кувейтте қалып қойған Қазақстан азаматтары елге оралды. Оларды әскери-көлік авиациясы Ақтау әуежайына жеткізді. 33 азамат бірден медициналық тексеруден өтті. Денсаулықтары жақсы, бірақ тиісті ережеге сәйкес 14 күнге карантинге жатқызылды. Сондай-ақ, кеше түнде Түркияның Стамбұл қаласынан 144 азамат жеткізілген. Елордаға 1300-ге жуық адам келсе, соның арасынан 1 адамнан ғана коронвирус анықталған. Ал, ескертуді тыңдамай шетелге шығып кетіп, елге орала алмай отырған азамтар әлі де жетерлік. «Олардың барлығын мемлекеттің есебінен әкелу мүмкін емес»,- деді Сыртқы істер министрлігіндегілер.

Сыртқы істер министрлігі қайта алмай қалған қазақстандықтарға арнайы ұшақ жіберілмейтінін ескертеді. Өз ақшаңмен қайтуға тырысасың болмаса, репатрациялық рейсті күтесің. Бұл халықаралық әскери авиацияда және азаматтық авиацияда бар тәжірибе.

Ең дұрысы, жағдай түзелгенше жергілікті жерде қалған дұрыс деп кеңес береді мамандар. Себебі, өлара шақта әрлі-берлі қозғалу қауіпті.

Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу