Бішкекте коменданттық сағат енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бішкекте коменданттық сағат енгізіледі

24.03.2020
Бішкекте коменданттық сағат енгізіледі

25 наурыздан бастап Бішкекте коменданттық сағат енгізіледі.

Бұл туралы елдің ішкі істер министрінің орынбасары Алмазбек Орозалиев мәлімдеді.

Коменданттық сағат 20:00-ден 7:00-ге дейінгі уақыт аралығына белгіленген.

«Бішкек көшелерін күзету үшін қалаға әскер кіргізіледі. Осы уақыт аралығында көшеге шыққандар тұтқындалады», -деді вице-министр.

tass.ru

Хабарламаларға жазылу