Елбасы төтенше жағдайға байланысты Үндеу жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы төтенше жағдайға байланысты Үндеу жолдады

20.03.2020

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Үндеу жолдады. Онда Елбасы коронавирустың таралуына байланысты қабылданған шараларға тоқталып, қысылтаяң шақта барлық қазақстандықтарды бір жағадан бас, бір қолдан жең шығаруға шақырды. Сонымен қатар ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Үкімет тарапынан іске асырылып жатқан шұғыл шараларды қолдауға үндеді. 

«Қазір осы күрделі ахуалдан шығу үшін Қазақстанда барлық қажетті ресурс бар, қор да жеткілікті. Бізде тәжірибе де, нақты іс-әрекет алгоритмі де бар»,- деген Елбасы отандастарымызды келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтап, күш-жігер тіледі.

Ғабит БӨКЕНБАЙ


Хабарламаларға жазылу