Алматыда коронавирус тараған аудандардың тізімі аталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда коронавирус тараған аудандардың тізімі аталды

20.03.2020
Алматыда коронавирус тараған аудандардың тізімі аталды

Алматы қаласы аумағындағы эпидемиологиялық тексеру нәтижелері бойынша COVID-2019-дың 10 ошағы анықталды.

Қалалық әкімдіктегілердің айтуынша, Алмалы ауданында – 3, Медеу ауданында – 3, Түрксіб ауданында – 2, Жетісу ауданында – 1, Алатау ауданында 1 ошақ анықталған.

COVID-19 індетінің тіркелген оқиғаларына және инфекцияның таралу сипатына қосымша талдау жүргізілгеннен кейін және эпидемиологтардың қорытындысын негізге ала отырып, ошақ аумағының шекарасы көппәтерлі үйдің кіреберісіне дейін және тұрғын үй аумағындағы жекеменшіктегі үйге дейін қысқартылды.

Хабарламаларға жазылу