22-ші наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласынан ұшу тоқтатылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

22-ші наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласынан ұшу тоқтатылады

20.03.2020

Елордадан 16 бағытқа қатынайтын бір аптадағы 320 рейс шектелді. Атап айтқанда, Алматы, Балқаш, Талдықорған, Петропавловск, Тараз, Шымкент, Жезқазған, Қызылорда, Орал, Өскемен, Павлодар, Семей, Ақтау, Атырау, Қостанай және тағы басқалар. Ал, Алматы шаһарынан 18 тарапқа ұшатын 295 рейс көкке көтерілмейді. Бұлар – жоғарыда көрсетілген қалалардан бөлек Нұр-Сұлтан, Көкшетау және Үржарға да қатысты. Әуекомпаниялар бұрын алынып қойған билет құнын айыппұлсыз толық қайтаруы тиіс.

Нысаналы Ығыл 

Хабарламаларға жазылу