Карантинге байланысты Бас прокуратура Үндеу жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Карантинге байланысты Бас прокуратура Үндеу жариялады

18.03.2020

Бас прокуратура карантин талаптарын орындамағанадар жазаланатынын ескертті. Карантин режиміне байланысты бірқатар шаралар мен шектеулер белгіленген. Сондықтан тұрғындар ол талаптарды сақтауы тиіс.

Бекітілген шектеулерді орындамағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 айлық есептік көрсеткіш айыппұл төлейді немесе 15 тәулікке қамалады.

Төтенше жағдай кезінде билік өкілінің талабын орындамағандар болса, қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 2000 айлық есептік көрсеткіш айып төлейді иә болмаса 2 жылға сотталады.

Карантиннен жалтару, шетелге шығу туралы мәліметтерді және байланыста болған адамдар туралы ақпаратты жасырғандар 40 айлық есептік көрсеткіш айыппұл төлейді немесе 10 тәулікке қамалады.

Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының нұсқауларын орындамасаң – 500 айлық есептік көрсеткішке дейін айып төлейсің.

Санитариялық ережелер мен гигеналық нормаларды бұзғаны үшін 5 млн теңгеге дейін әкімшілік айыппұл салынады.

Егер мұндай әрекеттер абайсызда жаппай індет жұқтыруға немесе адам өліміне әкеп соқса қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Раушан САЙЛАУ


Хабарламаларға жазылу