Елордада қоғамдық орындарды дезинфекциялауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада қоғамдық орындарды дезинфекциялауда

18.03.2020

Елордада қоғамдық орындарды дезинфекциялау күшейтілді. Коронавирус елге шетелден кіріп жатқандықтан, бірінші кезекте Елордадағы 210 қонақ үйге жаппай залалсыздандырылып жатыр. Меймандарға дене қызуын өлшеу, қолын тазалау, бетіне маска тағу міндеттелген. Шетелдік қонақтарды қабылдайтын мейманханалардың оншақтысы өз қалауы бойынша карантинге жабылды. Сонымен қатар, мамандар көп қабатты тұрғын үйлердің подъездері де хлор қосылған сұйықтықпен өңдеуге кірісіп кетті. Аялдама, қоқыс жәшіктері сынды қауіпті деген жерлер де назардан тыс қалмады. Айта кетейік, бас шаһарда мыңнан астам аялдама бар.   


Хабарламаларға жазылу