Балалар коронавирусты жасырын тасымалдаушылар екені анықталды

17.03.2020
Балалар коронавирусты жасырын тасымалдаушылар екені анықталды

Қытай ғалымдары балалар коронавирусты жасырын тасымалдаушылар екенін анықтады. Олар аурудың жеңіл түрін жұқтыруы мүмкін. Алайда балалардың COVID-19-ды тасымалдау мүмкіндігі жоғары екен.

Қытайдың Гуанчжоу қаласында ғалымдар 2 айлық сәбиден бастап 15 жасқа дейінгі 745 баланы коронавирус анықталған отбасылардан тексерді. Нәтижесінде 10 бала (1,3 пайыз) індет жұқтырған. Бірақ олардың ешқайсысында ауыр белгілер байқалмаған. Яғни, вирустың жеңіл түріне шалдыққан.

Кейін балалар емделген соң олардын қайтадан сараптама алынған (мұрнынан, тамағынан, нәжістен). Нәтижесінде коронавирустың денеде әлі де бар екенін анықтаған (мұны нәжіс талдамасы көрсеткен). 

Сондықтан ғалымдардың пікірінше, балаларды ұзақ уақыт карантинде ұстау керек.

medicalxpress.com


Хабарламаларға жазылу