Ресейдегі ахуал қандай? Коронавирусқа қарсы вакцина табылды ма? Ұлттық арнаның Мәскеудегі меншікті тілшісі Индира Бегайдар тікелей қосылымға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдегі ахуал қандай? Коронавирусқа қарсы вакцина табылды ма? Ұлттық арнаның Мәскеудегі меншікті тілшісі Индира Бегайдар тікелей қосылымға шықты

14.03.2020

Коронавирусқа шалдыққандар мен одан көз жұмғандардың және сауығып кеткендердің саны, міне,  арнайы картада көрсетіліп тұр. Сәт сайын мұндағы ақпарат түзетіледі. Қазір Қазақстанда адам көп жиналатын шаралар мен халықтың қарасы қалың болатын бірқатар жерлерге баруға болмайды. Оны жұрттың денсаулығына жауапты жандар жақсылап ескертті. Қарапайым халық құлақ асса игі. Өйткені қауіпсіздікке қажетті шараның бәрі қолға алынып тұрғанда науқастардың санын көбейтіп алсақ өзімізге сын. Мұндайда ел, халық жұдырықтай жұмылу керек. Өйткені бәріміз біріміздің, біріміз бәріміздің денсаулығымызға жауаптымыз. Коронавирустың белгілері сан мәрте айтылды ғой. Міне, тағы бір рет тізімін шығарып қояйық. Осы белгілер байқалса, бірден жедел жәрдемге хабарласыңыз. Жедел желіге қоңырау шалыңыз. Және от ауыз, айыр көмей, тілі сүңгі тілшілердің ақпараттарын мұқият тыңдаңыз. Бүгінгінің басты жаңалығы Ресейден шықты. Олар коронавирустан құлан-таза айықтыратын вакцина ойлап тауыпты. Естіген ел елең ете қалды. 

Индира БЕГАЙАР

Хабарламаларға жазылу