Қазақстанда 1 090 адам стационарлық карантинде жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 1 090 адам стационарлық карантинде жатыр

14.03.2020
Қазақстанда 1 090 адам стационарлық карантинде жатыр

Қазақстанда 1 090 адам стационарлық карантинде жатыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Бүгінгі күні елімізде коронавирус тіркелуінің 6 оқиғасы расталды. Оның 4 оқиғасы Алматыда, екеуі Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген. Стационарлық карантинде 1 090, үй карантинінде 452 адам жатыр. Бұған қоса, ҚХР мен көршілес мемлекеттерден келген азаматтарды мониторингілеу жалғасуда.

Барлық санаттар бойынша 2 272 адам, оның ішінде 1 «А» санатында 1 438, 1 «Б» санатында 475, 2-санатта 359 адам мониторингілеуге алынған. 380 адамнан мониторингілеу алынып тасталды. 14 наурыздағы жағдай бойынша 1892 адам мониторингілеуде тұр. 

Қазіргі уақытта 116 адам дене қызуымен және ЖРВИ-мен ауруханаға жатқызылды. Оның ішінде 1 «Б« санаты бойынша - 31, 2-санат бойынша - 42, 3-санат бойынша - 43 адам. Ауруханаға жатқызылған 116 адамның 62-сі шықты. Стационарда 54 адам жатыр. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына орай, аталған пациенттер бекітілген алгоритмге сәйкес инфекциялық стационарға жатқызылған. Эпидемияға қарсы барлық қажетті шаралар, оның ішінде оқшаулау, емдеу және зарарсыздандыру шаралары қабылдануда. Жағдай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында тұр», - делінген хабарламада. 

Хабарламаларға жазылу