«Болашақ» бағдарламасымен оқып жатқан студенттер елге қайтса, жол ақысы төленеді
Коронавирустың таралуына байланысты, «Болашақ» бағдарламасымен оқып жатқандар елге қайтса, жол ақысы өтеледі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. Айта кетейік, қауіпті індет тараған бірінші санаттағы елдерде жалпы 1176 қазақстандық студент бар. Олардың көбі онлайн оқуға көшкен.
Білім министрінің мәліметі бойынша, «Болашақ» бағдарламасы бойынша 18 елде 857 студент білім алып жатыр.
Сонымен қатар, Білім және ғылым министрлігінің шешімімен, академиялық ауысыммен өзге елдерге оқуға барғалы отырған 600 студент елде қалатын болды. Уақытша қолданылған шара отандастарымыздың қауіпсіздігі үшін жасалып отыр.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңа Конституцияда теңге ұлттық валюта ретінде бекітіледі
07.02.2026, 20:37
Белградтағы баскетбол матчында Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды
07.02.2026, 20:08
Испаниядағы турнирде 11 қазақ боксшысы финалда жұдырықтасады
07.02.2026, 20:07
Н.Нәлібаев: Конституцияның жаңа жобасындағы экологиялық нормалардың маңызы зор
07.02.2026, 20:07
Олимпиада ойындары тікелей эфирде көрсетіледі
07.02.2026, 20:06
XXV қысқы Олимпиада ойындары басталды
07.02.2026, 20:06
Д.Трамп Иранмен сауда жасайтын елдердің тауарларына тарифті көтермек
07.02.2026, 20:05
Мароккода тасқын қаупіне байланысты 143 мың адам эвакуацияланды
07.02.2026, 20:04