Вирусқа байланысты жолаушыларға тыйым салынған елдер тізімі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вирусқа байланысты жолаушыларға тыйым салынған елдер тізімі

13.03.2020

Әуе рейстерін толық жабу мүмкін емес. Өйткені шетелдерде Қазақстанның азаматтары жүр. Ал, короновирус көп таралған алғашқы 3 санатқа жататын елдерге шығуға тыйым салынды. 17 ел. Олардың ең қауіптісі бірінші а және бірінші б санатындағы Қытай, Италия, Иран, Оңтүстік Корея және Франция, Германия, Испания мемлекеттері. Қазақстан бұдан өзге де Түркия, Украина, Венгрия, Польша сияқты 10 шақты елге жиі ұшатын рейстердің санын азайтты. Осы шектеу қойылған елдерге баратын жолаушылардың билет құны толық қайтарылады. Оған Үкімет мүшелері кеше кепіл берген. Сондай-ақ, президент пәрмен берген негізгі тапсырмаларды тағы бір естеріңізге сала кетсек.

Ал Қазақстан Ресей мен Қырғыз елдерімен шекарадан ішкі құжатпен, яғни жеке куәлік, туу туралы куәлікпен өтуге уақытша шектеу қойды. Халық денсаулығын сақтау үшін Үкімет осындай шешім қабылдады. Короновирус бәсеңдеген соң шекарадан өту тәртібі өз қалпына келеді.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу