Мешіттерде шектеу шаралары қолға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мешіттерде шектеу шаралары қолға алынды

13.03.2020

Алдағы аптадан бастап, жұма намазынан бұрын айтылатын уағыз уақытша тоқтатылады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы коронавирустың алдын алу шарасы ретінде осындай шешім қабылдаған. Намаз уақыты кіре сала азан шақырылады. Екі ракағат парызы қысқа сүремен оқылады. Жұма намазының парызынан кейін оқылатын сүннетті мүфтият үйде оқуға кеңес береді. Намаздан кейін тәсбих тартылмайды. Құран да оқылмайды.

Ғабит БӨКЕНБАЙ


Хабарламаларға жазылу