Қазақстан азаматы Германияда коронавирус жұқтырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан азаматы Германияда коронавирус жұқтырды

13.03.2020
Қазақстан азаматы Германияда коронавирус жұқтырды

Германияда Қазақстан азаматы коронавирустың жаңа түрін жұқтырды, оның отбасы карантинге жатқызылды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

«Германиядағы Қазақстан Елшілігіндегі дипломаттарымыздың біріне ата-анасының қонаққа барғанын растаймыз. Олар Еуропада жеке сапармен жүрген. Бірнеше күннен кейін дипломаттың әкесінен коронавирус жұқтыру белгілері байқалып, ауруханаға жатқызылды», - деді ол.

Хабарламаларға жазылу