Әлемді дендеп бара жатқан коронавирус мемлекет басшыларына да жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемді дендеп бара жатқан коронавирус мемлекет басшыларына да жетті

13.03.2020

Канада премьер-министрі Джастин Трюдо карантинге түсті. Себебі оның жұбайы қауіпті инфекция жұқтырған. Қазір екеуі де арнайы тексеруден өтіп жатыр. Жұқпалы дерт АҚШ президенті Дональд Трампқа да қауіп төндіріп тұр. Өткен аптада ол Бразилия президенті және оның баспасөз хатшысымен кездесті. 5 күн өткен соң баспасөз хатшысынан алынған сынамадан инфекция табылған. Содан кейін, президент Жаир Болсонару да тест тапсырып, онлайн жұмыс істеуге көшті.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу