Көліктегі бақылау инспекциясында былық көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көліктегі бақылау инспекциясында былық көп

12.03.2020

Пара бермесең, күн көрсетпейді. Алматы облысындағы жүк көліктерінің жүргізушілері осылай деп наразылық білдірді. Олар көлік инспекциясының өкілдері шамадан тыс жүк тиеген көліктерді тоқтатып, жүз мыңдап айыппұл салып жатқанын айтты. Ал бақылаушылар 1 наурыздан бастап жүк тасымалына қатысты заң өзгеретінін айтты.

Жол сапасын сақтау үшін мұндай шектеулер жыл сайын қойылады. Бұл 2013 жылы бекітілген заң. Дегенмен, республикалық маңызы бар жолдарда түгел тексеріс жүргізуге мамандар мен техника тапшы.

Жүргізушілер заңға өзгертулер енгізуін сұрайды. Жолдан нәпақа тауып отырған олар көлік бақылау инспекциясына жем болудан шаршағанын айтады. Өйткені ережені елемей, заңды бұзғандарға кем дегенде 40 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу