Жасөспірімдерге жыныстық ағарту жұмыстары жүргізілуі тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жасөспірімдерге жыныстық ағарту жұмыстары жүргізілуі тиіс

12.03.2020

Себебі елімізде кәмелетке толмағандардың үштен бірі сексуалды белсенді. Бұл - 12-15 жастағылар арасында репродуктивті денсаулық туралы сауалнаманың қорытындысы. Бұдан бөлек ерте жүктілік, түсік тастау мен түрлі инфекциялық ауруларға шалдығу дерегі көп. Көпшілігі ЖИТС дертіне немқұрайлы қарайтын болып шыққан. Себебі, ақпарат жоқ. Сондықтан мамандар жыныстық білім беруді мектеп қабырғасынан бастап енгізу керек,-деп отыр. Қазір Түркістан облысының бірқатар мектептерінде арнайы дәрістер сынақ ретінде өткізіледі. Тақырып жасына сай таңдалады. 

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу