Мемлекет бизнесті қолдау және кәсіпкерлікті дамыту шараларын кеңейтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет бизнесті қолдау және кәсіпкерлікті дамыту шараларын кеңейтеді

12.03.2020

Үкіметте өткен импортты алмастыру және экспортты ілгерілету жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында премьер-министр осылай деді. Елімізде қарапайым заттар экономикасы қарқынды дамып келеді. Өткен айдың өзінде жобалық офиске жаңадан 130 жоба ұсынылған. 1 трлн теңгенің 227 жобасы пысықталып жатыр. Жиында саладағы түйіткілді мәселелер көтерілді. Әсіресе өңірлерде жобалық кеңселер ашып, олардың жұмысын үйлестіру тетіктері талқыланды. Бұған қоса жаңа жұмыс орындарын ашу мен жалақыны көтеру жайы сөз болды. 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу