Коронавирусқа қатысты карантиннен қашып кеткен тұрғын ауруханаға жатқызылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирусқа қатысты карантиннен қашып кеткен тұрғын ауруханаға жатқызылды

11.03.2020
Коронавирусқа қатысты карантиннен қашып кеткен тұрғын ауруханаға жатқызылды

Коронавирусқа қатысты карантиннен қашып кеткен Жамбыл облысының тұрғыны ауруханаға қайтадан жатқызылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі фэйсбуг парақшасына жазды.

Жазбада оның оқшаулау аймағынан білдірмей кетіп қалғаны бірақ, екі сағаттан кейін табылғаны жазылған. Түсіндіру жұмыстарынан соң 14 күнге бақылауға алынған. Қазір жағдайы жақсы, температурасы қалыпты, жұқпалы дерттің белгілері байқалмайды делінген. Сондай-ақ, карантин талаптарын бұзғандар заң бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны айтылған.

Аманкелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу