Бүгін 1 АҚШ долларының орташа бағамы 394,41 теңге болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін 1 АҚШ долларының орташа бағамы 394,41 теңге болды

11.03.2020

Бұл - Қазақстан қор биржасындағы таңертеңгілік сессияның қорытындысы бойынша тіркелген ресми курс. 

Республикадағы ақша айырбастау пунктеріндегі жағдай да тұрақты. Сондықтан, ешқандай дүрлігудің қажеті жоқ, дейді мамандар. Жалпы ақпан айында Қазақстан қор биржасында сатылған валюта мөлшері 797,8 миллиард теңге болған. Қаңтар айымен салыстырғанда бұл 11,9 процентке аз. Ақпан айының басында Америка валютасы 375 теңгеге саудаланса, айдың соңында ол 381 теңге 19 тиынға теңесті. Дегенмен, қазір акция нарығындағы сауда-саттық тұрақты, дейді Қазақстан қор биржасының мамандары. 

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу