Қазақстандағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай қандай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай қандай?

11.03.2020
Қазақстандағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай қандай?

Денсаулық сақтау министрлігі Facebook-тегі парақшасында Қазақстандағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайды баяндады.

ҚХР мен шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда.

4650 адамға мониторинг жүргізілді, оның ішінде 1 «а» санаты бойынша – 1217, 1 «б» санаты бойынша – 189, 2-санат бойынша 3244 адам медициналық бақылауда болды.

676 адам бақылаудан алынды. 11 наурыздағы жағдай бойынша барлығы 3974 адам бақылауда тұр.

«11 наурызға дейін барлығы 90 адам дене қызуымен және ЖРВИ-мен, оның ішінде 1 «б» санаты бойынша 20 адам, 2-санат бойынша 36 адам, 3-санат бойынша 34 адам емдеуге жатқызылды. Емдеуге жатқызылған 90 адамның ішінен 52 адам шығарылды. 38 адам стационарда жатыр», - делінген министрліктің хабарламасында.

Хабарламаларға жазылу